МЭБИ Құқық факультетінің профессоры Жеңіс Кембаев еліміздегі үздік оқытушы болып танылды

Ел болашағы – білікті маман қолында

І. Тілдесім

1-тапсырма: Төмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыздар. Ұсыныстарыңызды ортаға салыңыздар. Қандай шешімге келдіңіздер? Шешімдеріңізді жан-жақты түсіндіруге тырысыңыздар.

1. Бәсеке деген ұғымды қалай түсінесіз? Бәсекенің пайдасы бар ма?

2. «Ақшадан да жоғары құндылықтар бар» - деген ойға қалай қарайсыз? Ол қандай құндылықтар болуы мүмкін?

3. Білім артық па, байлық артық па?

4. Сіз неге ҚМЭБИ-ді таңдадыңыз? ҚМЭБИ-ге түспесңіз, қандай оқу орнына түсер едіңіз? Неге?

5. ҚМЭБИ Құқық факультетінің профессоры Жеңіс Кембаевтан білім және еңбек жолы туралы сұқбат алуға сұрақтар дайындаңыздар (ол үшін интернеттен ғалым туралы материалдарды оқып, танысыңыздар).

ІІ. Сөздермен жұмыс.

2-тапсырма. Мына сөз тіркестері мен сөздердің ана тіліңіздегі баламасын табыңыз, сөйлемдер құрыңыз. Сөздікті пайдаланыңыз.Пікірталас, өзгерістер, дәуір, мансап,заң кеңесшісі, қатар атқару, өз ісінің үлкен кәсіби маманы, мақсатты түрде айналысу,дами бастау, қызығушылық,академиялық алмасулар, ұйғару, құқық жүйесі, көптеген жетістіктері, көпғасырлық дәстүрлері, мақтануға тұрарлық, еңбегің соған татиды, дәйім, сүйікті оқытушы, мүмкіндік алу, университеттің түлегі, үлесімізді қосу, білімін ұштау, ақпарат алмасу, қолдау, қозғаушы күші, сабақтастық, белсенділік, ізденімпаздық, талап-тілек, ізденіс.

3. Мына сөздерге синоним бола алатын сөздерді табыңыз.

қызығушылық
ұйғару
білімін ұштау
қолдау
қозғаушы күш
ізденімпаздық
сенделіп жүру
ұмтылу

ІІ. Оқылым



1. Мәтінді аудармасыз көз жүгіртіп оқып шығыңыз. Мәтінге басқа қандай тақырып берер едіңіз?

2. Әр азат жолды бөліп, диктор рөліне еніп дауыстап оқыңыз. Өзіңіз оқыған азат жолға мәтіннің тақырыбына сәйкес келетіндей тақырып қойыңыз.

3. Мәтіннен кейіпкердің бойындағы еңбекқорлық қасиеті туралы айтылған сөйлемдерді табыңыз.

4. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін азат жолды табыңыз.

5. Фулбрайт және Александр фон Гумбольдт ғылыми стипендилары кімдерге беріледі деп ойлайсыз? (Бұл стипендиялар туралы ақпарат табыңыз).

МЭБИ Құқық факультетінің профессоры Жеңіс Кембаев еліміздегі үздік оқытушы болып танылды

Қазақстанда алғаш рет жоғары оқу орындары оқытушыларының арасында «Дарынды Ұстаз» конкурсы өткізілді. Конкурсқа республикамыздың барлық жоғары оқу орындарынан заң, экономика және гуманитарлық мамандықтағы оқытушылар қатысуға мүмкіндік алды. Құқықтану саласындағы үздік оқытушы ҚМЭБИ заң факультетінің профессоры, Германиядағы Гамбург және Кёльн университеттерінің түлегі, Фулбрайт және Александр фон Гумбольдт ғылыми стипендиларының иегері, өз ісінің үлкен кәсіби маманы және көптеген студенттердің сүйікті оқытушысы Жеңіс Кембаев болды.



- Өзіңіздің мектептегі жылдарыңызға көз жүгіртіп өтсеңіз, неліктен сіз юриспруденцияны таңдадыңыз?

Маған бала кезімнен тарих және қоғамтану сияқты гуманитарлық ғылымдар ұнайтын. Бұдан басқа, мен мектепті қоғамда мемлекет және құқық қандай болу тиістігі туралы көп пікірталастар жүрген өзгерістер дәуірінде бітірдім. Әрине, бұл менің құқықтануға қызығушылығымды туғызды. Ол кезде Қазақстанда тек Алматы мен Қарағандыда ғана екі заң факультеті болатын, мен ҚазМУ-дің (қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) заң факультетіне түстім.

- ҚазҰУ-ды бітіргеннен кейін сіздің мансабыңыз қалай дами бастады?

1997 жылы университетті үздік бітіріп, мен сол жылы Германия академиялық алмасулар қызметінен (DAAD) стипендия алып, Гамбург университетінің заң факультетіндегі LL.M магистратура бағдарламасы бойынша оқуға кеттім.

LL.M бағдарламасын нәтижелі аяқтаған мен Алматыға қайта оралып, біраз уақыт заң кеңесшісінің практикалық жұмысын оқытушылық жұмыспен қатар атқарып жүрдім. Алайда шамамен жаңа ғасырдың басталуымен мен ғылыми жұмыспен мақсатты түрде айналысуды ұйғардым. 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де кандидаттық диссертациямды қорғап, бір жылдан кейін беделді Фулбрайт стипендиясын алдым, соның арқасында мен БСҰ-дың Лос-Анджелестегі Саутвестерн құқық мектебінің аймақтық интеграциялық ұйымдарымен әрекеттестігінің құқықтық мәселелеріне зерттеулер жүргіздім. 2004 жылы тамыз айында Қазақстанға келе салысымен бірден ҚМЭБИ-де жұмыс істей бастадым.

- Сіз докторлық диссертацияңызды Германияда тамаша қорғап шықтыңыз. Неліктен осы елде қорғауды жөн санадыңыз?

Мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге түсе салысымен неміс және ағылшын тілдерін қарқынды түрде оқи бастадым. «Посткеңестік кеңістіктегі аймақтық интеграциялық үдерістердің құқықтық аспектілері» тақырыбындағы докторлық диссертациямды ағылшын тілінде жаздым. Шын мәнісінде мен АҚШ-қа немесе Ұлыбританияға баруыма болушы еді, бірақ келесі себептермен Германияға тоқтауды ұйғардым. Біріншіден, Германия - бұл континенталдық құқық жүйесіне қатысты ел (Қазақстан сияқты). Екіншіден, Германия барлық ғылым саласынан, жекелеп алғанда, юриспруденция саласынан көптеген жетістіктерімен және өзінің көпғасырлық дәстүрлерімен даңқы шыққан ел. Германияда докторлық диссертация қорғау көп еңбекті талап етеді және шын мәнісінде мақтануға тұрарлық жетістік болып табылады. Үшіншіден, Германиядағы докторантура бағдарламасы мен үшін мүлде тегін болды. Бұдан басқа, мен жеткілікті түрде көп стипендия алып тұрдым. Ақыр соңында, қазір Германияда диссертацияны ағылшын тілінде жазып, қорғауға болатынын атап өту керек. Дегенмен мұны мен неміс тілінде де жасай алушы едім.

- Бүгінгі таңдағы өзіңіздің ғылыми мүдделеріңіз туралы айтып берсеңіз.

Мені ең алдымен, Қазақстанның конституциялық даму және халықаралық жария құқық мәселелері қызықтырады. Жекелеп алғанда, мен бүгінгі күнде Еуразия кеңістігінде, ең алдымен Ресей, Қазақстан және Белорусия Кедендік одағының аясында болып жатқан интеграциялық үдерістерді зерттеуді жалғастырудамын.

Бұдан басқа, қазір мен "Induction to the Law of Kazakhstan" («Қазақстан құқығына кіріспе») кітабын жазу жобасын басқаратынымды атап өткенім жөн болар. Авторлық ұжымға юриспруденцияның қай саласынан болмасын 20-ға дерлік сарапшылар кіреді. Ағылшын тілінде жазылып жатқан тұңғыш кітап жетекші әлемдік академиялық баспалардың бірі Kluwer Law International баспасынан шықпақ. 2011 жылдың соңында аталмыш кітап жарыққа шығады деген үміттеміз.

- Заңгер мамандығын таңдау жас кәсіби мамандардың келешектегі өмір салтына қалай ықпал етеді? Неге дайындалып, неге ұмтылған жөн?

Адам өмірде нені қалайтынын дәйімбіліп жүруі керек. Өзіңнің алдыңа мақсат қойып, соған қарай жүру ләзім. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдап, онда ең жақсысы болуға тырысу керек. Бұл өте қиын, бірақ еңбегің соған татиды.


0009484783108592.html
0009577708310127.html
    PR.RU™